Созақ ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлермен кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті нығайту. Полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов, бастаған топ белсенді кәсіпкерлермен кездесті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиын барысында полиция подполковнигі Тұрсынбек Жылқыбаев баяндама жасап, кәсіпкерлік саласында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне тоқталды. Сонымен қатар қатысушыларға заң нормалары мен әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары туралы түсіндірді.
Кездесу соңында полиция бөлімінің бастығы Нұрлан Мұратов кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беріп, өзара ынтымақтастық пен заңды сақтау – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің басты кепілі екенін атап өтті.