ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫН ӨТКІЗДІ

Түркістан облысындағы “Тау самалы” демалыс лагерінде полиция қызметкерлері 17 ауданнан келген 300-ге жуық жасөспірімге қауіпсіздік және құқықтық мәдениет тақырыбында сабақ өтті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәмелетке толмағандармен жұмыс инспекторлары балаларға заң алдындағы жауапкершілік, интернет қауіпсіздігі, нашақорлық пен буллингтің зардаптары, сондай-ақ жол және тұрмыстық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері арнайы техника мен қорғаныс құралдарының көрмесін ұйымдастырып, балаларға қызметтік көліктер мен жабдықтардың қолданылуын көрсетті.

Жасөспірімдер тәртіп сақшыларының жұмысына қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, естелікке суретке түсті. Мұндай кездесулер балалардың құқықтық сауатын арттырып, полиция мен қоғам арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды