Түркістан қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция тобының қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, жол-көлік оқиғаларының және есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында №22 жалпы орта мектепте профилактикалық іс-шара өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында тәртіп сақшылары жол жүру ережелерін сақтау, есірткі заттарының адам денсаулығы мен болашағына тигізер зияны, сондай-ақ буллингтің құқықтық және моральдық салдары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде полицейлер жасөспірімдерді өз өміріне жауапкершілікпен қарауға, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнатуға шақырды.

