ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЙҚАУДА ЖЫЛДАМ РЕАКЦИЯСЫ, ТЕРЕҢ БІЛІМІ ЖӘНЕ МЕРГЕНДІГІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНДІ

Ішкі істер министрлігінде «Үздік жедел уәкіл» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған шараға еліміздің барлық өңірінен жедел бөліністердің қызметкерлері қатысты. Түркістан облысынан бұл шараға Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Шүкірбай Жұбаныш Беркінбайлы қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қатысушылар заңнамалық білімін тексеретін тест тапсырып, дене дайындығы мен атыс шеберлігін көрсетті. Әрбір қатысушы жедел уәкілдің тек ақылды ғана емес, сонымен қатар төзімді, батыл әрі дәл болуы керектігін дәлелдеді.

Сайыста полиция капитаны Жұбаныш Беркінбай  ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры Б.Әленовтің алғыс хатымен марапатталды.

Полицейлер байқауда жылдам реакциясы, терең білімі және мергендігімен ерекшеленді. Мұндай байқаулар жеке құрамды ынталандырып қана қоймай, қызмет сапасын арттыруға да ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды