ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Республика күніне орай Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны ұжымы арасында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік мерекенің тарихи маңызын насихаттау, қызметкерлердің патриоттық рухын көтеру, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылығын дәріптеу болып табылады.

Салтанатты жиын барысында тәуелсіз Қазақстанның дамуына өз үлесін қосып жүрген, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау ісінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен марапаттар табысталып, адал еңбегі үшін ризашылық білдірілді.

Мерекелік жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сонымен қатар, іс-шара аясында өткен жедел кеңесте батальонның соңғы 9 айда атқарған жұмыстары қорытындыланды. Кеңес барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік тәртіпті сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды.

Патрульдік полиция қызметкерлері әрқашан ел игілігі жолында қалтқысыз қызмет етіп, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауда өз міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды