ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІРҚАТАР ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы Шарбұлақ бастауыш партия ұйымының (БПҰ) кезекті есеп беру жиналысы болып өтті. Күн тәртібінде БПҰ төрайымы Жансейтова Жанар Иманәліқызы 2024-2025 жылдар аралығында атқарған жұмыстары туралы есеп берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.

Шарбұлақ БПҰ 8 партиялық ұйымға біріктірілген, олардың жалпы саны 230 партия мүшесін құрайды.

Жиналыс барысында партия қызметінің бірқатар өзекті бағыттары талқыланды: партия қатарына жаңа мүшелер қабылдау, мүшелік жарна жоспарының орындалуы, партиялық жобаларды жүзеге асыру, Мемлекет Басшысының Жолдауын халық арасында насихаттау және жол картасы индикаторларының орындалуын бақылау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Мауленов Мақсатбай Арапбайұлы мен Архабаев Жақсылық Алиханұлы, сондай-ақ Шарбұлақ БПҰ төрайымы Жансейтова Жанар Иманәліқызы, топтық ұйым басшылары мен партия мүшелері қатысты.

Жиналыс нәтижесінде ұйымның алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды