ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН МАЗМҰНДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстан Халық» партиясы Ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдәулет Амантайұлы, партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары Ахметов Ысқақ Жұмағалиұлы мен Тұрғанбай Темірхан Абдуллаұлы Отырар ауданына іссапармен барды. Бұл туралы Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында партия өкілдері ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты. Кездесуге Отырар аудандық мәслихат депутаты Түкеев Бекзат Аманшаұлы қатысып, жиынға төрағалық етті.

Сондай-ақ делегация Кентау қаласына жұмыс сапарымен барды. Жұмыс сапары аясында партия өкілдерімен мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында партияның алдағы жоспарлары, өңірдегі әлеуметтік-саяси мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.

Кентау қалалық өкілдігінің төрағасы Рахмет Үсенбек Рахметұлы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Халық партиясы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Оразханов Нұрдәулет Амантайұлы, партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасарлары Ахметов Ысқақ Жұмағалиұлы және Тұрғанбай Темірхан Абдуллаұлы Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында партияның жергілікті өкілдерімен және белсенді азаматтармен мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында партияның алдағы жоспарлары, өңірдегі әлеуметтік-саяси мәселелер, сондай-ақ оларды шешу жолдары талқыланды.

Жиын соңында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Делегация Арыс қаласында да кездесу өткізді. Кездесу барысында партия қызметінің негізгі бағыттары, алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ өңір тұрғындарын алаңдататын өзекті әлеуметтік мәселелер сөз болды. Қатысушылар пікір алмасып, нақты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында жергілікті өкілдермен өзара байланыс пен бірлескен жұмысты күшейту жөнінде ортақ келісімге қол жеткізілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды