Алтынтөбе бастауыш партия ұйымының (БПҰ) кезекті есеп беру жиналысы болып өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Күн тәртібінде БПҰ төрағасы Сайлауов Сейткерім Бегалыұлы ұйымның атқарған жұмыстары туралы жан-жақты есеп берді.
Қазіргі таңда Алтынтөбе БПҰ құрамында 12 партиялық ұйым жұмыс істейді, олардың жалпы саны 336 партия мүшесін құрайды. Жиналыс барысында партия қатарына беделді, іскер азаматтарды тарту, мүшелік жарна жоспарын орындау, партиялық құжаттарды дұрыстау, партиялық жобаларды жүзеге асыру, Мемлекет Басшысының Жолдауын насихаттау, жол картасы индикаторларының орындалуын бақылау, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдау, партиялық іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру, әлеуметтік желімен БАҚ беттерінде белсенділікті арттыру, аудандық мәслихат депутатымен тығыз жұмыс жасау сынды өзекті мәселелерге тоқталды.
Айта кету керек, жиналысқа «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы Исақұлов Есімхан Ешенқұлұлы, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Архабаев Жақсылық Алиханұлы қатысты. Алтынтөбе БПҰ төрағасы С. Сайлауов, топтық ұйым басшылары және партия мүшелері де жиналысқа толықтай қатысып, талқылауларға белсенді атсалысты.
«Қарызсыз қоғам», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Ұлттық мұра», «Tomiris», «Qaisar», «ТазаLike», «Жастарға жұмыс», «Менің елім менің тілім», «Құқықтық көмек» сынды партиялық жобаларды насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар ерекше атап өтілді.