ОТЫЗДАН АСТАМ ТІРКЕЛМЕГЕН ҚАРУ ТӘРКІЛЕНДІ

Республикалық «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері тіркелмеген 37 қаруды тәркіледі. Оның ішінде 27 тегіс ұңғылы қару, 6 газ тапаншасы, 3 шолақ және 1 травматикалық тапанша, сондай-ақ түрлі калибрлі 50 оқ-дәрі бар. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен Төлеби ауданында полицейлер жергілікті тұрғыннан тиісті құжаттары жоқ аңшылық шолақ мылтықты анықтады. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді. Тіркелген дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаруды сақтау ережелерін бұзудың 30-дан астам фактісін анықтады.

Полицейлер құқық бұзған азаматтарға тиісті шара қолданды. Тәртіп сақшылары қарумен жасалатын қылмыстардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталғанын іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды