ОТБАСЫ – ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ, АНА – ҚОҒАМНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Түркістан қаласы «Достық үйі» ғимаратында Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Отбасылық құндылық – ұлт тірегі» тақырыбындағы жыл басындағы алғашқы отырысы өтті.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Жанғазиева Эльмира Ұласбекқызы, облыстық және аудан, қала деңгейіндегі Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, жаңадан қосылған аналар, сондай-ақ Аналар кеңесіне қарасты әжелер ансамблінің мүшелері қатысты.

Отырысты Түркістан облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Тоққұлова Гүлсара Төлебекқызы жүргізді.

Жиын барысында:

▪️ Аналар кеңесінің жаңартылған құрамы таныстырылды,

▪️ 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді,

▪️ «Салауатты сана» жобасы аясында отбасылық құндылықтарды нығайту, үнемшіл қоғам қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар:

▪️“Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық”

▪️Түркістан облысы “ Отбасын қолдау орталығы”

▪️Түркістан обл “Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен”  бірлесіп жұмыс жүргізу жоспарланды.

Күн тәртібі бойынша:

▪️ Созақ аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Райымқұлова Рысты Тәбетқызы

«Отбасылық құндылық – ұлт тірегі» тақырыбында баяндама жасады;

▪️ Ордабасы аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Әбіш Зәуреш Әбдіраманқызы

«Үнемшіл қоғам – берекелі болашақ» тақырыбын көтерді.

Сонымен қатар, Эльмира Ұласбекқызы Аналар кеңесінің алдағы жұмысына қатысты бірқатар нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Жиынның ерекше сәті – Аналар кеңесі жанынан жаңадан құрылған әжелер ансамблінің таныстырылымы болды. Әжелер халық әндерін орындап, отырысқа рухани мән берді.

Отырыс соңында қатысушылар ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, қоғамдық келісім мен бірлік жолындағы жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Отбасы – ұлттың тірегі, ал ана – қоғамның алтын діңгегі!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды