Мемлекетіміздің елжанды азаматтарын тәрбиелеп шығаруды көздеген мазмұны бөлек, “QAISAR” әскери-патриоттық жобасы аясында «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының ұйымдастыруымен Партиялық бақылау комиссиясының кеңейтілген маңызы ерек отырысы өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалы хабарлады.
Кең көлемді өткен отырысқа филиал төрағасы Ержан Жүнісов, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол, Ұлы Отан соғысының ардагері Төлепбергенұлы Мұраталы, Түлкібас ауданы прокурорының м.у.а. Амангелді Нақыпбеков, Түлкібас АПБ басшысының орынбасары Бағлан Актаев және ауылдық округтердегі учаскелік полиция инспекторлары, Түлкібас ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Талғат Байменов, ҚР Қарулы күштерінің ардагері, запастағы полковник Сейіткерім Арапбаев, ауылдық округтің әкімдері, әскери есеп мамандары, Түлкібас аудандық білім бөлімінің басшысы Досжан Қыдыралиев және білім бөліміне қарасты мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері және аудандық партия филиалының қызметкерлері қатысты. «Отанды қорғау әрбір азаматтық борышы болғандықтан күн тәртібінде «Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды жергілікті әскери басқару органына келуін қамтамасыз ету» алгоритмі бойынша атқарылған жұмыстар туралы Түлкібас аудандық қорғаныс істері бөлімі мен Түлкібас АПБ атқарылған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.
Түлкібас аудандық қорғаныс істері бөлімінің басшысы Талғат Байменов өз баяндамасында аудандық полиция бөлімі тарапынан әскерге шақырушыларды іздестіру және әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жұмыстары бойынша автокөлігімен полиция қызметкері бөлінбегендігін жеткізді. Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандық медициналық сараптамаға 1824 шақырылушыдан келгені — 261 шақырылушы, жалтарып жүргені 1563 шақырылушы деп хабарлады. Осындай секілді бірқатар негізгі прблемалармен слайд түрінде таныстырып өтті.
Түлкібас АПБ басшысының орынбасары Бағлан Актаев есеп беру барысында жергілікті әскери басқару органы тарапынан беріліп отқан тізімдерді жаңартып, оқуда немесе мекен жайын тіркеп, басқа қалада жүретін азаматтарды зерделеп, жаңа тізім жасап, бірге қызмет атқаруға шақырды.
Жиынға төрағалық еткен Ержан Әліұлы Партиялық бақылау комиссиясы құрған қаулысы жобасымен таныстырып, аудандық полиция бөліміне әскерге шақырушыларды іздестіру және әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізу жұмыстары бойынша автокөлігімен бір полиция қызметкерін бөлуді ұсынылды. Аудандық полиция бөлімінің басшысына, барлық ауылдық округ, кент әкімдеріне «AMANAT» партиясы аудандық филиалының «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды және ұйымдастыру мен жүргізу» жұмыстары бойынша 2025 жылғы 16 мамырда жолданған хаттардың орындалуы жөнінде ақпараттық есептерін 2025 жылдың 26 мамырына дейін жолдауы қажеттігін ескертті.
Жиынға арнайы шақыртылған 100 жастағы батыр атамыз Ұлы Отан соғысының ардагері Мұраталы Төлепбергенұлы, әр адамның еңбек етуге мүмкіндігінің болуына жол ашу, қоғамдық ой мен моральды қалыптастыру, соған сай жаңа әлеуметтік қатынастарды орнықтыру, еліміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығына тірек болатын азаматтарды тәрбиелеп шығару – аманаттық өкілдер атқаруға бекінген адал да абыройлы міндет екенін жеткізіп, жиынды қорытындылап батасын берді.