Полицейлер оқушыларға буллинг, лудомания және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсіндірді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бәйдібек ауданының IT мектеп-лицейінің ұстаздары мен 300-ден астам оқушыларының қатысуымен, «Заң және тәртіп» қағидатына сай жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара өткізілді.
Аталған шараға Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұрдәлует Ажибеков, аудан ардагерлері, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақбаев Оразхан қатысты.
Іс-шара барысында Н.Ажибеков жиынның негізгі мақсатын атап өтіп, оқушыларға буллинг, лудомания, дропперлік және нашақорлықтың зияны туралы кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ аталған мәселелердің алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетілді.