Қазақстан Халық партиясы ҚБ Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Ынтымақ үйінде “Қоғамдық ұйым – қоғамның үні” тақырыбында кездесу өткізілді. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Іс-шараға ҚХП Орталық аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрдаулет Амантайұлы Оразханов, партияның Түркістан облыстық филиалының қызметкерлері және Түркістан қалалық Семей ядролық полигоны ардагерлері қатысты.
Кездесу барысында ардагерлер өздерінің әлеуметтік мәртебесіне және куәліктерге қатысты бірқатар маңызды сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды. Сонымен қатар, партияның бағдарламалық бағыттары мен алдағы жоспарлары таныстырылып, ашық пікір алмасу өтті.