Ел тыныштығы үшін тер төккен Кентау қаласының Құрметті азаматы, 90-жылдары кенді шаһар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, үш рет «милиция үздігі» төсбелгісіне ие болған Бимахан Танкибаев жас мамандармен кездесіп, ішкі істер саласында қызмет етудің маңыздылығын, түсіндірді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесуде мейірімділік, өзара қолдау мәдениеті, жастар арасында жанашырлық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ айналасындағы азаматтарға қамқорлық пен көмек көрсетуге бағытталған сұқбат өрбіді. Сондай-ақ жас полицейлерге өмірлік тәжірибемен ұштасып, нақты оқиғаларға негізделген естеліктер айтылды.
Зейнет жасына жетсе де, қоғамдық іс-шаралардан қол үзбеген, Кентау қаласы ІІО бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы лауазымын абыроймен атқарып жүрген Бимахан Танкибаев, соңынан еріп келе жатқан қызметкерлерге қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда тек алдыңғы шепте болуға шақырды.
Келелі кездесу соңында Кентау қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы зейнет жасындағы полицейге өмірлік тәжірибе мен құнды кеңестері үшін алғыстарын жеткізді. Естелікке суретке түсті.

