ӨНІМ ЖЕРГІЛІКТІ САУДА ОРЫНДАРЫ МЕН АУДАНДЫҚ НАРЫҚТАРҒА ЖЕТКІЗІЛМЕК

Сарыағаш ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Дихан баба елді мекенінің тұрғыны Камалхан Қонысбаев 50 мың түп қырыққабаттың «Бухарест» сортын еккен. Қазіргі таңда шаруа қырыққабатты жинау жұмыстарын бастаған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өнім жергілікті сауда орындары мен аудандық нарықтарға жеткізілмек. Шаруа бұл бағыттағы еңбегін жалғастырып, алдағы уақытта егіс көлемін ұлғайту және өнім сапасын арттыру мақсатында жаңа агротехнологиялық тәсілдерді енгізуді жоспарлап отыр.

Камалхан Қонысбаевтың айтуынша, қырыққабаттың «Бухарест» сортының басты ерекшелігі – жоғары өнімділігі мен ауданның табиғи-климаттық жағдайына бейімділігі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды