ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАҢ САҚТАУ ЕСКЕРТІЛДІ

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өзгерістерді түсіндіру мақсатында газ толтыру станцияларының, газ толтыру пунктерінің және автогаз құю станцияларының өкілдерімен кеңес өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Кеңес барысында «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген толықтырулар мен өзгерістер айтылды.

Сонымен қатар, сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді жүргізетін заңды тұлғаларға «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізуге аттестатталатын заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 299 бұйрығына және «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 414 бұйрығының талаптары түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарын орындау бойынша қажетті шараларды қабылдау, газ толтыру станцияларын, пункттерін және автогаз құю станцияларын пайдалануда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау атап өтілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды