ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАУ – ҰЛТТЫ ҰЛЫҚТАУ!

Кеше төлебиліктер үшін тарихи әрі тағылымды күн болды. Ұлттық рухтың ұлы жыршысы, Қазақстанның Еңбек Ері, ақиық ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов ауданымызға арнайы келіп, елмен жүздесті. Жастар орталығында өткен “Ғасырының үні болған Ұлы ақын” атты рухани кешке жұртшылық зор ықыласпен қатысты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Шарада ақынның әдеби мұрасы мен қоғамдық қызметі жан-жақты насихатталды.

Құлбек Ергөбек, Қабыл Дүйсенби, Әтірхан Шыңғысбаев сынды зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ұлт мұратына қызмет еткен Шахановтың тұғырын тарқатты.

Талантты оқушылар ақынның жырларын жатқа оқыды, әншілер оның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Ақынның өмір жолына әсер еткен Желтоқсан оқиғасы туралы естеліктер жүректі толқытты.

Қарт шайырдың өзі елге алғыс айтып, батасын берді.

Қонақтарға шапан жабылып, гүл шоқтары табысталды. Кеш соңында ақын кітаптары таратылып, естелік суреттерге түсу рәсімі өтті.

Бұл тағылымды шараға «AMANAT» партиясының қаладағы бастауыш партия ұйымының мүшелері де жаппай атсалысты.

Партия алдағы жылдары мәдениет ошақтарын жаңғыртып, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға айрықша мән береді.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні.

Осыған орай партияның аймақтық филиалдары өнер майталмандарына құрмет көрсетіп, мерекелік шаралар өткізуде.

Өнерді ұлықтау – ұлтты ұлықтау!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды