Бүгін Сайрам аудандық мәдениет үйінде қоғамдағы заң үстемдігін нығайту және құқықтық мәдениетті арттыруға арналған жиын өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиынға аудан әкімдігі мен құқық қорғау органдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты. Шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы, қоғамдағы заң мен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру бағытындағы ақпараттар берілді. Жиынға Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев қатысып, бұл бағыттың қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Диктанттың негізгі миссиясы – азаматтарды осындай қаржылық схемалардан сақтандыру және құқықтық әрі қаржылық мәдениетті дамыту. Шара барысында диктантқа мектеп оқушылары мен колледж студенттері, барлық деңгейдегі мұғалімдер мен педагогтар, мемлекеттік және жеке мекеме қызметкерлер жалпы қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін кез келген азамат қатыса алатыны айтылды.
Қатысу үшін онлайн платформадан тіркеуден өту керек және 25 минут ішінде 20 сұраққа жауап беру керек екенін түсіндірілді.
Кездесуде қатысушыларға заң талаптарын сақтаудың, азаматтық жауапкершілікті арттырудың және құқық бұзушылықтың алдын алудың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастарды заңды құрметтеуге баулу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті күшейту мәселелері талқыланды. Жиын соңында аудан басшылығы мекемелер мен ұйымдарды құқықтық мәдениетті дамытуға белсенді атсалысуға шақырды.

