НЕГІЗГІ МАҚСАТ – ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ЖАНДАРҒА ЖӘРДЕМДЕСУ

«AMANAT» партиясының қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүргізіліп келуде. Партиялық жобалардың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жоба «Кедергісіз келешек» деп аталады. «AMANAT» партиясының басты міндеттерінің бірі «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу.

Осы орайда, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Асылбеков Сағынбек Жақсыбекұлы және аудандық мәслихат депутаты Боханов Сұлтанбай Серікбайұлы мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасына мүгедектік арбасын сыйға тартты. Қуанышқа кенелген отбасы өмірге деген құлшынысты арттырып, рухани қолдау білдірген аудандық партия филиалына, жоғын түгендеп, демеу болған партияластарымызға өз ризашылығын білдіріп алғысын айтты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды