ӨНДІРІСТІК ПАРК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ БАСТАМА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойған болатын. Осыған орай, Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен өңірдегі барлық аудандар мен қалаларда өндірістік парк құрылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл бастама Сарыағаш ауданында да қолға алынды. Өндірістік парк құрылысы үшін ауданның кіреберісінен 6,5 гектар жер белгіленді. Қазіргі таңда мұнда жер тегістеу және инфрақұрылымға қажетті дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Нысанның құрылыс барысы аудан әкімі Арман Абдуллаевтың жіті бақылауына алынған.

Өндірістік парк – өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа инвестиция тартуға және жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастама. Жоба аясында кәсіпкерлерге шағын және орта бизнесті дамыту үшін қажетті инфрақұрылыммен қамтылған алаң ұсынылады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды