НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАН-ЖАҚТЫ ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

«Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру мақсатында Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар орталығында есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша арнайы брифинг ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шара барысында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев облыс аумағындағы есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша атқарылған шараларға тоқталып, көрсеткіштерді баяндады.

Айта кетсек Түркістан облысы Полиция Департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен есірткі қылмысына қарсы күрес және нашақорлықтың алдын алу бойынша жан-жақты шаралар жүргізілуде. Нәтижесінде есірткінің заңсыз айналымына қатысты 359 дерек анықталған. Оның ішінде 126 қылмыс, 233 теріс қылық. Атап айқанда Заңсыз егу бойынша – 69 жайт, есірткі сатуға байланысты – 36 дерек, аса ірі көлемде есірткіні сақтау бойынша – 18 іс, есірткі лабораториясымен байланысты 2 жайт анықталды. Сондай-ақ есірткіге қатысты жедел-іздестіру жұмыстары мен нашақорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар тоқтаусыз жалғасатынын айтты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды