МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында, «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облысы Сарыағаш аудандық филиалының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданының жергілікті атқарушы органдарындағы мемлекеттік қызметшілер арасында кең ауқымды спартакиадалық жарыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы хабарлады.

Іс-шара мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдастықты арттыру. Спорттық додаға 200-ге жуық қызметкер қатысып, олар кіші футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, гир тасын көтеру және арқан тарту сияқты спорт түрлері бойынша бақ сынасты. Қатысушылар 3 командаға бөлініп, жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша:

І орынды – Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты командасы,

ІІ орынды – Ақжар, Жемісті, Дербісек және Қызылжар ауылдық округтерінен құралған «Шығыс» командасы,

ІІІ орынды – Жартытөбе, Сарыағаш, Құркелес, Көктерек ауылдық округтерінің «Батыс» командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге салтанатты түрде естелік сыйлықтар мен қаржылай марапаттар табысталды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет саласына қосқан үлесі үшін бірқатар қызметкерлер арнайы марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, Рысбаев Толыбай Балтабайұлы мен Әліқұл Жанат Қуандыққызына «Қызмет» салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық филиалы атынан «Еңбек озаты» төсбелгісі тапсырылды. Тағы да бірқатар қызметкерлер Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз әрдайым табысты болсын, құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды