МЕМЛЕКЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ТАС ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТӘРТІПТЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУДА

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес бүгіннен бастап республика көлемінде жолдардағы апаттық деңгейді төмендету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, жол жүргенде жылдамдықты асырмай жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау, жолаушыларды заңсыз тасымалдаушыларды анықтау мақсатында «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны мемлекеттік маңызы бар тас жолдарда күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда.

Құрметті жүргізушілер, жолда жүргенде ережені қатаң түрде сақтауларыңызды сұранамыз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды