Сарыағаш ауданы, Қапланбек ауылдық округіне қарасты Ташқұлақ ауылының тұрғыны Гүлмира Түгелова биыл «Автомобиль қаңқасын жөндеу» бағыты бойынша мемлекеттік қайтарымсыз грант ұтып алып, кәсібін бастаған. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Қазіргі таңда бұл іс отбасының тұрақты табыс көзіне айналып отыр. Кәсіпті Гүлмираның жұбайы Мақсұт Қаратаев қолға алып, ауыл тұрғынын тұрақты жұмысқа қабылдаған. Алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аталған кәсіпкерлік нысанға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Ол мемлекеттік қолдаумен іске асқан бұл жобаның ауыл экономикасына оң серпін беретінін атап өтті. Айта кетейік, бұл кәсіп — мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы үшін тек табыс көзі ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы әрі әлеуметтік маңызы бар іс болып отыр.