«МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРЫП ОТЫРУ КЕРЕК»

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев «Еуразия Бірінші арнасында» сұхбат беріп, білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық мәселесіне тоқталды. Бұл туралы «Amanat» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы хабарлады.

– Елімізде білім беру саласындағы жалақы мөлшері жоғарылады. Соған байланысты, мұғалім болғысы келетін азаматтар саны да арта түсті. Алайда пара беріп, жұмысқа орналасатын адамдар да бар. Бұған қатысты тұрғындар тарапынан да жиі арыз-шағым айтылады. Мәселен, мектеп директоры қызметіне орналасу үшін 3-5 млн теңге аралығында пара ұсынылатынын естіп жатамыз. Еден жуушы ретінде жұмысқа қабылдау үшін 500 мыңнан 1 млн теңге аралығында пара сұрайтындар бар. Мұның жолын кесу үшін ротациямен мектеп директорларының орнын ауыстырып отыру керек, – деді депутат.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды