МЕГАПОЛИСТЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

Шымкент қаласындағы білім беру ұйымдарында жалпы саны 2063 бос жұмыс орны бар. Осыған орай мегаполисте бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда 29-30 қаңтар күндері Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында, сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін, екі күн қатарынан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңке аясында білім беру ұйымдарында штаттық негізде жұмыс істейтін қызметкерлер мен кіші қызметкерлерге арналған бос орындар ұсынылады. Педагог мәртебесі бар мамандарға конкурстық рәсімдер бойынша, құжаттарды рәсімдеу және оларды электронды платформаға жүктеу тәртібі жөнінде кеңес беріледі.

Сонымен қатар, қала бойынша бос жұмыс орындары туралы ақпарат Шымкент қаласы әкімінің және білім басқармасының ресми сайттарында, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жарияланады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды