МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАМАУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Түркістан қаласындағы №32 дауыс беру учаскесінде «Шұғылалы таң» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дана Орманова дауыс берді, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Бүгін референдумға келіп, өз таңдауымды жасадым. Әр азамат үшін елдің болашағына қатысты маңызды мәселелерге немқұрайлы қарамау — үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Осындай маңызды сәттерде халықтың пікірін білдіруі, өз таңдауын жасауы — мемлекетіміздің дамуына, тұрақтылығы мен бірлігіне үлкен үлес қосады. Әр дауыс маңызды, өйткені елдің ертеңі әрқайсымыздың таңдауымызға байланысты. Бірлігіміз бекем болып, еліміздің болашағы жарқын болсын. Қоғамның белсенді болуы — елдің тұрақтылығы мен бірлігінің кепілі. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана ортақ мақсаттарға қол жеткізе аламыз. Сондықтан барша тұрғындарды азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауға шақырамын», — дейді Дана Орманова.

Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды