Түркістан облысы Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мемлекеттік маңызы бар тас жолдарда жолаушы тасымалдаушы шағын автобустардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер көлік иелерімен тілдесіп, қауіпсіздік ережелерін ұстануға, жолдарда қателік жібермеуге шақырды. Жаднамалар таратып, профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсат – жол көлік оқиғаларының алдын алу, жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік маңызы бар тас жолдардағы қауіпсіздік деңгейін жоғарылату.

