Түркістан қаласында «Заң және Тәртіп» идеологиялық акциясы аясында жүзден астам оқушының қатысуымен ерекше шара өтті. Іс-шара АФМ саябағында ұйымдастырылып, жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін арттыру мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруды мақсат етті. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Акция барысында мектеп оқушылары ұлттық өнерге құрмет ретінде күй орындап, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, олар еліміздің барлық оқушыларын Қаржылық сауаттылық бойынша республикалық диктантқа қатысуға шақырып, білім мен тәртіптің маңызын насихаттады.
Шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында заңға құрмет, тәртіпке баулу және қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру.

