МАҚСАТ – ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ЖАУАПКЕРШІЛІКПЕН ҚАРАУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сауран ауданы А.Югнаки атындағы жалпы білім беру мекемесінің 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Бүгінгі күнде қоғамның алдында басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу және жасөспірімдердің қалыптасуына әсер ететін факторлар жайлы құқықбұзушылық, нашақорлық, зорлық-зомбылық, алаяқтықтың алдын алу бойынша, әлімжеттіктің және келеңсіз жағдайлардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Сауран аудандық полиция бөлімі ЖПҚ ЮПТ УПИ полиция капитаны Онбаев Талғат Ахметұлы оқушыларға құқық бұзушылық пен әкімшілік жауапкершілік арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, мектеп оқушылары арасында кездесетін құқыққа қарсы әрекеттер мен оның салдары туралы нақты мысалдар келтірді.

Сондай-ақ, интернеттегі қауіпсіздік, буллинг пен кибербуллинг, жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылық, жол ережелері тақырыптары кеңінен қамтылды.

Мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды құрметтеуге тәрбиелеу және қоғамға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды