Бүгін Шымкент қаласында «Халық заңгері» акциясы өтті. Мақсат – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және заң көмегін көрсету. Кез-келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін консультация ала алады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғындарға жергілікті атқарушы органның, аумақтық және құқық қорғау органдарының басшылары, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, адвокаттар, нотариустар қызмет көрсетті.
Негізгі мәселелер жер, тұрғын үй қатынастарын, жол, инфрақұрылым салаларын қамтыды. Құқық қорғау органдарының өкілдері, адвокаттар еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістік жарақат алу жағдайлары бойынша кеңестер берді.