МӘСЕЛЕЛЕР ПАРТИЯНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІНДЕ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Түркістан облысы құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Нұрғалиұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша онлайн және оффлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Уәлиханқызы жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдау барысында көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысының сапасыздығы, «Бәйдібек ата» су қоймасының жобаға сәйкес салынуы, «Бәйдібек су» қоймасында құрылыс жұмыстарын жасаған азаматтардың еңбек ақыларын өндіре алмауы мәселесі, Қарнақ ауылында құрылысы тоқтап тұрған 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына қаржы бөлу, Қарнақ ауылында жаңадан бөлінген жер учаскелеріне инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу, Ақбастау ауылындағы мазараттың су қоймасы астында қалу қауіпі, фельдшерлік акушерлік амбулаториялық пункт салу сынды өзекті мәселелер көтерілді.

Облыстық басқарма басшысы өңір тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жан-жақты, нақты жауап берді. Өтініш иелерінің көтерген сұрақтарының кейбірі шешімін тапса, қаралуы белгілі бір мерзімді күтетін сауалдар партияның бақылауына алынып, нақты мерзімде шешу жолдары қарастырылатындығы түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды