МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР ЖАУАПТЫ ОРГАНДАРҒА ЖОЛДАНАДЫ

«АMANAT» партиясы Кентау филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен, қалалық партия филиалының төрағасы Басаров Арман Амангелдіұлының, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық мәслихаты фракциясының мүшесі  Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Садуов Талғат Нұралыұлының, Кентау қаласы Ащысай ауылының әкімі Байкобеков Жеңіс Оразәліұлының қатысуымен Кентау қаласы Ащысай ауылында «Ащысай» бастауыш партия ұйымымен Мобильді көшпелі қоғамдық қабылдау өткізілді. Бұл туралы «АMANAT» партиясы Кентау филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық мәслихаты фракциясының мүшесі  Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, қабылдауға келген ауыл тұрғындарын қабылдап, жеке мәселелері бойынша нақты жауап берді. Ащысай ауылында  өзекті мәселелердің бірі  жарық, көлік жол, газ, балалар ойын алаңшаларын шешуге өз ықпалын тигізетінін жеткізді. Сондай ақ,  ауыл тұрғындарының өтінішіне орай, Түркістан облыстық мәслихат депутаты, Түркістан облыстық мәслихаты фракциясының мүшесі  Байғараев Бегімбет Биімбетұлы Ащысай ауылындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап шықты.

Атап айтқанда, олар ауылдағы спорт залдың қазіргі жай-күйімен танысты. Спорттық нысанның құрылысы толық аяқталмағанын, оны күрделі жөндеуден өткізу қажеттігі көтерілді. Бұл мәселе бойынша депутаттар тиісті ұсыныстар дайындап, жауапты органдарға жолдайтынын жеткізді.

Ауыл халқы өз атынан шынайы алғыс айтып, ел игілігі жолындағы еңбегінің жемісті болуын тілеп, әрдайым халықпен бірге етене байланыста болып, ауылға жиі келіп тұруын өтінді. Жиналған жұрт ақ тілегін арнап, ақ батасын берді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды