МҰНДАЙ ІС-ШАРАЛАР ҚОҒАМДАҒЫ ТӘРТІП ПЕН ҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУҒА ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейінде ішкі істер органдарының ардагерлерімен бірлескен кездесу өтті. Іс-шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мен ардагерлер қатысып, жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және жеке қауіпсіздікті сақтау тақырыптарында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде оқушыларға құқықтық тәрбие беру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда тәртіпті сақтау бағытында нақты мысалдар келтіріліп, ардагерлер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Түркістан қалалық полиция басқармасының бастығы Жасұлан Қаржаубайұлының айтуынша, мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, құқықтық сауаттылықты арттыруға септігін тигізеді.

– Бүгінгі жастар – ел болашағы. Cондықтан олардың заңды құрметтеуі, тәртіпті сақтауы және өз қауіпсіздігіне мән беруі – біздің басты назарымызда. Осындай кездесулер арқылы жасөспірімдердің санасына заңға бағынудың маңызын сіңіру – біздің ортақ міндетіміз, – деді басқарма бастығы.

Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің құқықтық көзқарасын қалыптастырып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды