МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысында мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдаудың алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасары Н. Тұрашбековтың тапсырмасы негізінде Кәсіпкерлік және сауда басқармасы Қазығұрт және Сарыағаш аудандарында арнайы мемлекеттік органдардың қатысуымен мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Аудандық әкімдіктер мен сауда бөлімдеріне жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру және мұнай өнімдерін шетелге заңсыз тасымалдаудың алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Жағдайды бақылау және заңсыз тасымалдау фактілерінің алдын алу мақсатында облыстық көлікті бақылау инспекциясы мен Полиция департаментінің қызметкерлері тартылды. Мониторинг барысында жанар-жағармай тасымалдайтын көліктерге арнайы тексеру шаралары жүргізілді.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы өңірдегі мұнай өнімдері нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және заңсыз тасымалдауға жол бермеу мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап, жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды