Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті лездемелік жиын өтті. Мәжіліске кенттер мен ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысты. Бұл туралы Созақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиында аудан аумағындағы елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар мен жыл соңына дейін орындалуы тиіс негізгі міндеттер жан-жақты талқыланды. Әрбір ауылдық округ пен елді мекен бойынша әлеуметтік, инфрақұрылымдық және абаттандыру бағыттарындағы жобалардың барысы жеке-жеке сараланды.
Сонымен қатар, елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін жаңа бастамаларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қаралып, алдағы кезеңге арналған жұмыс бағыттары айқындалды.
Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы округ әкімдері мен бөлім жетекшілеріне жоспарланған жобалардың нақты мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ ауылдардың келбетін арттыру, санитарлық тазалық пен көгалдандыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

