КІТАПТАН АСҚАН СЫЙЛЫҚ ЖОҚ

Түркістандағы Оқушылар сарайында “14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне” орай “Кітаптан асқан сыйлық жоқ” акциясы өтті. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл акцияның мақсаты – кітап оқудың маңыздылығын арттыру, балаларға білім мен ізденістің құндылығын ұғындыру. Шара барысында оқушылар жаңа кітаптармен танысып, қызықты сұхбаттар жүргізді.

Қаладағы түрлі мекемелердің өкілдері балаларға арнап кітап сыйлап, оларды оқуға шабыттандырды. Атап айтсақ, Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығы, “Мұз сарайы”, «Қоғамдық келісім» КММ, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры, “Оңтүстікфильм” киностудиясы, Түркістан қаласының төтенше жағдайлар басқармасы, “Мейрам” киностудиясы игі іске үлес қосты.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды