ӘКІМНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес Келес аудан әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы, «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахметов Ерлан Батырбекұлы аудан тұрғындарын қабылдады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Аудан әкімінің орынбасары көтерілген баспана мәселесі бойынша аудандағы қайырымды кәсіпкерлер арқасында үйінің іргесін жасатып беруге ықпал жасайтынын жеткізді. Ем алу үшін құжаттарын дұрыстап беруді сұраған анаға тиісті бөлімдер арқылы мәселесін зерделеп, заң аясында шешуге ықпал жасайтынын түсіндірді.

Білім сапасын көтеру бойынша ұсыныс айтқан тұрғындарға Дәурен Нұрланұлы бұл мәселелер бойынша тиісті мекемелермен зерделейтінін, алдағы уақытта тиісті басқармаға ұсыныстарын жеткізіп, жеке бақылауына алатынын түсіндірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды