ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН ОҚУ КУРСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 28-29 мамырда Түркістан қаласында «Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдары қызметін жүйелендіру» жобасы аясында «Үкіметтік емес ұйымдары мектебі» оқу курсы өтті. Бұл туралы «Generation» қоғамдық бірлестігі хабарлады.

Оқу курсын ұйымдастырушы — «Береке» қоғамдық бірлестігі @berekengo. Оқу курсы азаматтық қоғам ұйымдарының қызметін дамыту және сапалы орындау, сондай-ақ азаматтық белсенділікті дамыту және Үкіметтік емес ұйымдары құндылықтарын ілгерілету мақсатында Түркістан облысының Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері үшін өткізілді. Аталған іс-шараға «Ғылыми зерттеулер және инновациялық технологиялар» @fond_niit қоғамдық қорының, «Истоки Добра» @istoki_dobra қоғамдық бірлестігінің, «Generation» қоғамдық бірлестігінің қызметкерлері қатысты. Іс-шарада келесі оқу модульдері зерделенді:

— Үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің медиа сауаттылығын арттыру;

— Фандрайзинг. Краудфандинг;

— Үкіметтік емес ұйымдарындағы PR және мақсатты топпен байланыс;

— Үкіметтік емес ұйымдарындағы жүйелі ойлау.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Үкіметтік емес ұйымдары мектебі» оқу курсынан сәтті өткен қатысушылар сертификаттар алды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды