КЕШІРІМ СҰРАУ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ

Түркістан облыстық полиция департаменті ескертеді

«Ұлтаралық алауыздық – қоғамдық қақтығыстың ең қауіпті түрлерінің бірі». Сонымен қатар, бұл зорлық-зомбылықтың өршуіне, әлеуметтік тәртіптің бұзылуына және этникалық және мәдени топтар арасындағы араздыққа әкелуі мүмкін.

«Бұл қылмыстардың орны – Instagram, Tik Tok, Treads сияқты әлеуметтік желілер, мұнда әр қолданушыға кез-келген тақырыпта еркін сөйлеуге мүмкіндік беріледі».

Полиция департаменті бұл қылмыстық әрекеттер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда – 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғатынын еске салады.

Бұл құқық бұзушылық экстремистік қылмыстардың қатарына жатады.

Әдетте, мұндай материалдардың авторлары құқық қорғау органдары олардың жеке басын анықтағаннан кейін өз іс-әрекеттеріне өкініп, көпшілік алдында кешірім сұрайды. Алайда, бұл оларды жауапкершіліктен босатпайды.

«Осыған байланысты барлық азаматтарды заңнама нормаларын сақтауға, қырағы болуға және әрбір хабарлама мен өз сөздеріне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Тек бірлескен құқықтық мәдениет пен бір-біріне деген құрмет қоғамда бейбітшілікті, тұрақтылық пен сенімді сақтауға мүмкіндік береді».

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды