КҮЗГІ ШАҚЫРТУ КЕЗЕҢІНДЕ ДЕ 2500-ДЕН АСТАМ ЖАС САРБАЗ САПҚА ҚОСЫЛМАҚ

Түркістан облысынан Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ хабарлады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің мәртебесі мен имиджін арттыру, сондай-ақ жастарды әскери қызметке насихаттау мақсатында Түркістан облысынан Қазақстан Республикасының Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жас сарбаздарды шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті.

Биылғы көктемгі шақырту науқаны кезінде 2500-ге жуық жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған болса, ағымдағы күзгі шақырту кезеңінде де 2500-ден астам жас сарбаз сапқа қосылмақ.

Бүгінгі шара аясында 38 жас сарбаз ел абыройын қорғауға жол тартты.

Іс-шараға Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы подполковник Турабай Талғат Сайлауұлы, сондай-ақ өңір ардагерлері, әскери қызметкерлер мен жастар қатысты.

Рәсім барысында патриоттық әндер шырқалып, ардагерлер мен қонақтар жас сарбаздарға Отанға адал қызмет етіп, ел сенімін ақтауға бағытталған ықылас пен жылы лебіздерін білдірді.

Болашақ сарбаздарға ақ жол, мықты рух пен жауапкершілік тілеп, олардың ел қорғаны болуға деген сенімдері мен жігерлерін арттырды.

Жасасын елін сүйген жас сарбаздар!

Туған жердің тыныштығы мен бейбіт өмірдің сақшысы болуға аттанған әрбір жасқа табыс пен абырой тілейміз!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды