КӘСІПОДАҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІН ТҮСІНДІРДІ

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты “Қамқорлық” менталды бұзылушылықтары мен мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызметкерлердің жалпы жиналыс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы Кәсіподақтар орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиналысқа «Қызмет» салалық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Күлдар Аралбекқызы арнайы қатысып кәсіподақтың қызметі туралы, ұжым қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғауда, ұжымдық шарттың қажеттілігі және оның жауапкершілігі туралы, еңбек қатынастары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін жағдайлар жасауға, кәсіподақ қаражаты, әлеуметтік әріптестікті дамытуда кәсіподақтың міндеттерін түсіндірді. Қазіргі уақытта «Қызмет» салалық кәсіподақ комитетінің атқарып жатқан жұмыстары жайлы мәліметтермен хабардар етті.

Нәтижесінде ұжым бастауыш кәсіподақ ұйымын құрып, кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Асан Арайлым Кәрімқызын сайлады.

Жиналыста көтерілген ұсыныстарды ескере отырып, ұжымның 35 қызметкерлері 100% «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының құрамына кәсіподақ мүшелігіне кірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды