КӘСІПКЕРЛІКТІ БАСТАУ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ ҚАЖЕТТІГІН ТҮСІНДІРДІ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі Ханай Әшірбеков облыстық мәслихаттың Шымкент қаласындағы өкілдігінде тұрғындарға жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы Түркістан облыстық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке қабылдауда Төлеби ауданының тұрғыны Байназаров Нұрлан тұрақты жұмысқа орналасуға ықпал етуді сұрады.

Депутат жеке қабылдауға келген азаматтың біліктілік талаптарын қарап, жиһаз өндірісіне жұмысқа орналасуға көмек беретінін жеткізді.

Сондай-ақ, қабылдауға жазылған азаматтарға  жастарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша, соның ішінде жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету туралы талап-тілегін айтты.

Халық қалаулысы Ханай Әшірбеков кәсіпкерлікті бастау бойынша нақты қандай жұмыстар жүргізу қажет екендігін түсіндірді.

Айта кетейік, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары әр апта сайын тұрғындарды жеке қабылдап, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал жасап келеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды