КӘСІПКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ

Ордабасы ауданында кәсіпкерлерді қолдау мен оларға түрлі мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру, мемлекет билігі мен кәсіпкерлердің арасында кері байланысты тығыз орнату мақсатында форум өтті. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

Форум аясында аудан кәсіпкерлеріне өз бизнестерін қаржыландыру, өндіріске қажетті инфрақұрылымдарын дамыту және басқа да мемлекет тарапынан қарастырылған қолдаулар мен жеңілдіктерді түсіндіру, сондай-ақ, мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамалар мен кәсіпкерлердің жауапкершіліктері бойынша ақпараттар берілді.

Іс-шараға аудан прокуроры, аудан әкімі, облыс деңгейіндегі қаржы институттары, кәсіпкерлерге қызмет көрсететін ұйым басшылары мен өкілдері, белсенді бизнес өкілдері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен БАҚ құралдары қатысты.

Форумға арнайы шақырылған қонақтар аудан кәсіпкерлеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндірмелер беріп, оларға өз кәсібін ашуға, оны әрі қарай дамытуға бағыт-бағдар берілді.

Кәсіпкерлерді қолдау мен қорғау прокуратура органдарының басты міндеттерінің бірі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды