КӘСІПКЕРЛЕР МЕН КӘСІПОРЫН АРАСЫНДА ЖОСПАРЛЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛМАҚ

Қытай елінің Үрімжі қаласында іссапарда жүрген Түлкібас ауданының делегациясы 3 ірі меморандумға қол қойды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Өңірдегі индустриалды аймақта бірнеше кәсіпорынды аралаған топ құрылысқа қажетті тауарлы бетон шығаратын құрылғы мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «Xinjiang Xinwangda Co.,Ltd» және «Xinjiang huaxu Xinglong Machinery Equipmant Co.Ltd.» компаниясында болды. Нәтижесінде “Түлкібас жолдары» ЖШС мен «Майлыкент сүт» АӨК сүт бағытындағы ірі қараға жем дайындау мақсатында жүгері мал азығын оратын заманауи комбайн, жер өңдейтін құрылғы, трактор және тауарлы бетон өндіретін 2 құрылғы алуға келісім шарт жасасып, алдағы уақытта қарым-қатынасты нығайту мақсатында 3 меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда аудан аумағында 808 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы тіркеуде тұр. Оның ішінде, біршамасы ескірген. Аталған техникаларды кезең-кезеңмен жаңарту және шаруаларға ыңғайлы жағдай тудыру әрі өнімді арттыру мақсатында аталған іссапардың маңыздылығы жоғары. Алдағы уақытта келісім негізінде аудан кәсіпкерлері мен кәсіпорын арасында ауқымды жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды