КӘСІП АШУҒА НИЕТТІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛМЕК

Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған арнайы аймақтардың саны артып келеді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, Түлкібас ауданында  шағын өнеркәсіптік аймақтар салу жұмыстары қолға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде ауданға қарасты Майлыкент, Тастұмсық, Балықты және Машат ауылдық округтерінде шағын өнеркәсіптік аймақтардың орны белгіленіп, кәсіпкерлік нысандардың құрылысы басталды.

Қазіргі таңда іске асып жатқан нысандарға су, электр энергиясын жеткізу және жолға тас төсеу жұмыстары қолға алынды.

Бұл аймақтарда өз кәсібін ұлғайтуға және жаңадан кәсіп ашуға ниетті кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдаулар көрсетілмек. Нақтырақ айтқанда, қажетті нысан салуға жер телімі қарастырылып, қажетті инфрақұрылым тартылатын болады.

Шағын өнеркәсіптік аймақ кәсіпкерлерге жаңа жобаларды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік. Аталған жоба аудан аумағында шағын және орта бизнестің дамуына зор септігін тигізіп ғана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етпек.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды