КҮН ТӘРТІБІНДЕ ЕКІ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен фракция отырысы болып өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы хабарлады.

Отырысқа Қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы, “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сұлтанхан Таштеев, қала әкімінің орынбасары Байдулла Жұмадуллаұлы мен фракция мүшелері, қалалық әкімдікке қарасты “Құрылыс бөлімінің” басшысы қатысты. Жиналысты фракция жетекшісі Құлбатыр Базарбайұлы жүргізіп отырды.

Күн тәртібінде төмендегі екі мәселе қаралды:

1)Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Оразбеков Байдулла мырзаның 2025 жылғы қала инфрақұрылымының дамуы жөніндегі баяндамасы;

2) Құрылыс бөлімінің баяндамасы.

Аталған екі мәселе бойынша баяндамалар тыңдалды. Жол картасының орындалуы туралы мәселе бойынша мәслихат депутаттары бірлесе отырып талқыға салып, алдағы жылда орындалатын жұмыстарға тоқталды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды