Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі мәселе мекемеаралық мәжілісте қаралды. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Мәжілісте талдау барысында анықталған заң бұзушылықтар мен олардың себептері, сондай-ақ тергеп-тексерудің заңдылығы мен мүдделі органдардың профилактикалық жұмыстары талқыланды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және олардың адамгершілік мінез-құлықтарын қалыптастыру жағдайы бойынша жаңа ұсыныстар мен тәсілдер назарға алынды.
Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, бірқатар ұсыныстар мақұлданды.
Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау облыс прокуратурасының басты бағыттарының бірі болып табылады.