КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ЖҰМЫСТЫ КҮШЕЙТТІ

Өңірлік көліктік бақылау инспекциясы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі 2026 жылға дейінгі жол картасында белгіленген міндеттерге сәйкес жұмысты күшейтті. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы хабарлады.

Жыл басынан бері өңірде тіркелген 7 400 автобустың ішінен инспекторлар 576 жолаушылар көлік құралын тексерді, бұл – 7,2%.

Жұмыс нәтижелері:

  • ДП-мен бірлесіп 22 рейдтік іс-шара жүргізілді
  • 294 әкімшілік материал рәсімделді (ӘҚБтК 571-бап, 2-бөлігі)
  • 2 890 020 теңге көлемінде айыппұл салынды

Рейд барысында ерекше назар аударылатын бағыттар:

– жолаушыларды тасымалдайтын автобустар;

– оң жақ рөлді көлік құралдарының маневр жасауы;

– көлік құралдарының техникалық жай-күйі;

– жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауына бақылау;

– жолаушыларды тасымалдау ережелерінің орындалуы.

Инспекторлардың айтуынша, дәл осы құқықбұзушылықтар көбіне жол-көлік оқиғаларына алып келетін қауіпті жағдайлардың туындауына себеп болады.

Көліктік бақылау инспекциясы тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі назарда ұстауға және жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады.

Айта кетейік, профилактикалық іс-шаралар Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің тапсырмасына сәйкес, Бас көлік прокуратурасы және әкімшілік полициямен бірлесіп жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды