«ІШІМДІКСІЗ АУЫЛ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСА БЕРМЕК

Түркістан облысы полиция департаменті Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы  Нүркен Сарыпбековтің бастамасымен аудан аумағындағы алғашқы кездесу Бадам ауылдық округінде өтті. Іс-шараға аудан прокуроры Абзал Қыдырбай, ауылдық округ әкімі Нұрлан Байбахов және ауыл ақсақалдары мен белсенді тұрғындар қатысты. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде учаскелік полиция инспекторы Ербол Суханов тоғыз айда атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы шаралармен таныстырды.

Сонымен қатар полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков қоғамдық тәртіп пен өзара жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтіп, “Ішімдіксіз ауыл” жобасы аясында жастарды жаман әдеттерден сақтандыруға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.

Жиын соңында тұрғындарға интернет алаяқтық пен қаржы пирамидасынан сақтану жөнінде түсіндірме жүргізілді. Мұндай кездесулер ауданның өзге ауылдық округтерінде де жалғасын табады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды